Полицейлер ер адамды құтқарып қалды
Сарыағашта полиция қызметкерлері күнделікті қызметтік міндеттерін атқару барысында жол жиегінде ес-түссіз жатқан ер адамды байқап, дереу көмекке ұмтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған еді, алайда учаскелік полиция инспекторлары Бақытжан Уалиев пен Ералы Байдуллаев ер адамның өміріне алаңдап, уақыт жоғалтпас үшін оны өз көліктерімен дереу ауруханаға жеткізді.
«Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Дәрігерлердің тексеруі нәтижесінде ер адамның энергетикалық сусын ішкеннен кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалғаны анықталды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, өмірі аман қалды. Тәртіп сақшыларының бұл іс-әрекеті – полиция қызметінің адам өміріне деген жауапкершілік пен азаматтық борышқа адалдықтың айқын көрінісі.