Қазақстандық теннисшіден ұтылған Беларусь спортшысы еңіреп жылады (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Финалда ұтылған Арина Соболенконың эмоциясы тарап кетті

Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинадан WTA қорытынды турнирінің финалында ұтылған Беларусь спортшысы Арина Соболенко еңіреп тұрып жылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Беларусь теннисшісінің эмоциялы күйде айтқан сөздері видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде тарап кетті.

«Жылына бір рет дәл керек сәтінде жолы бола қалады екен», - дейді Арина Соболенко Елена Рыбакинадан ұтылғаннан кейін.

Айта кетейік, Арина Соболенконың мұндай орынсыз қылықтары осыған дейін де болған. 2023 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында Мэдисон Кизге де дәл осы пікірін айтып, эмоциясын жасырмаған болатын. Ал биыл «Ролан Гаррос» турнирінің финалында америкалық Коко Гауффтан ұтылғаннан кейінгі пікірі де жұртты таң қалдырған болатын.

«Меніңше, Гауфф финалда керемет ойнағандықтан емес, менің қателікке көп бой алдырғанымнан жеңіске жетті», - деген еді Соболенко.