«Соңғы сәтке дейін күтті»: Алматы облысында із-түзсіз кеткен адамның анасы көз жұмды

Автор: Дәулет Ботагөз

Волонтерлер жоғалған азаматтың анасын еске алып, оған арнаған жазба жариялады

Фото: Instagram.com/ volontery_lider.kz_almobl

Алматы облысындағы Lider.kz еріктілер қозғалысы із-түзсіз жоғалған азамат Иван Дудиннің анасынан айырылғанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Instagram парақшасында жарияланған жазбада еріктілер марқұмның аты-жөнін атап өтті:

«Смирнова Лидия Владимировна. Қайтыс болған күні – 2025 жылдың 9 қарашасы».

Лидия Смирнова 2024 жылдың қыркүйегінде із-түзсіз жоғалған ұлын соңғы сәтке дейін іздеп өткен.

Еріктілердің үндеуі

Еріктілер ұлына арнаған жүрекжарды жазба арналы.

«Иван Михайлович, бүгін сіздің анаңыз өмірден өтті. Сізге өмір сыйлаған, бәрін арнаған адам енді жоқ. Ол сізді соңғы сәтіне дейін іздеп, үміт үзбеді. Егер бұл жазбаны көрсеңіз, анаңызбен қоштасуға келіңіз. Тек есіңізде болсын, сіз оған керек едіңіз», – делінген жазбада.

Жерлеу рәсімі 11 қарашада өтеді

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 11 қараша күні, сағат 12:00-де өтеді.

Іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр. Иван Дудин 2024 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы қаласындағы Кассин көшесінен шығып, сол күйі оралмаған.