Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері барып, жағдайды анықтау шараларын жүргізді
Таразда фосфор қоймаларының бірінде жойқын жарылыс болды. Оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық ТЖД түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода алдымен ақ түтіннің көтерілгені, артынша қатты жарылыс пен жалынның жарқ еткені көрінеді. ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға Жамбыл фосфор зауытының аумағында болған.
«Сары фосфорды тасымалдау ыдысына төгу кезінде заттың оттекпен әрекеттесуі салдарынан қысқа уақытта от шыққан. Өрт зауыт қызметкерлерінің күшімен дереу сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері барып, жағдайды анықтау шараларын жүргізді. Құтқарушылардың мәліметінше, тұрғындарға қауіп жоқ.
Ақпарат Экология департаменті мен тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.