9 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Дәулет Ботагөз

Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сәйкес, 2025 жылғы 9 қараша, жексенбі күні Қазақстан аумағына Атлант мұхитынан келген белсенді циклон әсер етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

«Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын кей жерлерде күшті болады. Бұл аймақтарда, сондай-ақ шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ пен боран болуы мүмкін», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Оңтүстікте күн ашық болады

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклонның әсерінен ауа райы ашық, жауын-шашынсыз өтеді.

Сонымен қатар синоптиктер елдің барлық өңірінде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал екенін ескертеді.