Еліміздің барлық аумағында аяз сақталады
Синоптиктердің мәліметінше 8 қараша күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ болып, көріну қиындайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –0…–2°, күндіз шамамен 0°.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –1…–3°, күндіз +6…+8°.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 5–10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –1…–3°, күндіз +11…+13°.
Ақмола облысында қар жауып, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 15–20, шығысында кейде 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз –2…+3°.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғып, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –3…+2°, күндіз –1…+4°.
Қостанай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –2…+3°, күндіз +1…+6°.
Павлодар облысында жаңбыр мен қар жауады. Батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз –3…+2°.
Қарағанды облысында түнде солтүстігінде қар жауады, көктайғақ және жаяу бұрқасын соғады. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –0…–5°, шығысында –8°, күндіз –3…+2°, оңтүстігінде +5° дейін.
Ұлытау облысында күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –2…–7°, күндіз +1…+6°.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9–14 м/с жел соғып, кей жерлерде екпіні 15–23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –5…–10°, шығысында –15°, күндіз –2…+3°, шығысында –6°.
Абай облысында батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, батысында және солтүстігінде екпіні 15–20, кей жерлерде 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –3…+2°, оңтүстігінде және шығысында –6°, күндіз +0…+5°, оңтүстігінде +8° дейін.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –0…–5°, таулы аудандарда –8…–13°, күндіз +6…+11°, тауда –3…–2°.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Алакөл аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –3…–8°, тауда –12°, күндіз +7…+12°, тауда –2…–3°.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, тауда екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –0…–5°, солтүстігінде және тауда –8°, күндіз +8…+13°, тауда шамамен +5°.
Түркістан облысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде, әсіресе оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –0…–5°, тауда –8°, күндіз +10…+15°, тауда шамамен +7°.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыса соғады, жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –4…–9°, күндіз +7…+12°.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, түнде солтүстігінде екпіні 15–18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –1…–6°, солтүстігінде +3°, күндіз +3…+8°.
Батыс Қазақстан облысында түнде және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+9°, күндіз +8…+13°.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –2…+3°, шығысында –5°, күндіз +10…+15°.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3…+8°, солтүстік-шығысында –0…–5°, күндіз +10…+15°.