Шағын видеодан полицейлер мен жарақат алған адамдарды көруге болады
Бұған дейін Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болғанын хабарлаған едік. Белгілі болғандай, екі адам қаладағы дәмханалардың біріне кіріп, оқ атқан. Шымкент дәмханаларының бірінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр.
Соңғы мәлімет бойынша, оқиғадан бес адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болған. Полиция күдіктілердің кім екенін анықтап, оларды ұстау шараларын атқарып жатыр. Прокуратураның мәліметінше, оқиға орнынан екі Макаров тапаншасы, травматикалық тапанша, аңшы мылтығы және "Сайга" мылтығы, сондай-ақ 12 гильза тапқан.