Синоптиктердің мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 6 қараша күні, еліміздің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануының артуы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс зиянды қоспалардың ауа массаларының төменгі қабатында жиналып, таралмауына әсер ететін метеорологиялық жағдайлардың үйлесуіне байланысты.
«2025 жылғы 6 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ):
Олар – ауадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстар. Мұндай жағдайлар, әсіресе, тығыз құрылыс немесе өнеркәсіптік аймақтарда, ауа сапасының уақытша төмендеуіне әкеледі.