06.11.2025, 09:48
Жаңалықтар
Қостанайда кәсіпорын басшысы ондаған қызметкерінің жалақысын бермей отырғаны анықталды
Осы үшін кәсіпорын басшысы ірі көлемде айыппұл арқалады
Фото: freepik.com
Қостанай ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында «Қазақ тұлпары» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында облыстық Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің Департаментіне талап жолдады.
«Тексеру нәтижесінде қызметкерлердің конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері расталып, департамент жұмыс берушіге 39 қызметкер алдындағы 21,7 млн теңге мөлшеріндегі жалақы қарызын өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама енгізді.
Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін кәсіпорын 314 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылды», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды