Жел күшейеді деп болжанып отыр
Синоптиктер 6 қараша күні Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Елдің солтүстігі мен орталығында бұрқасын соғып, қар жауып, жел күшейеді және көктайғақ болады. Оңтүстік өңірлерде тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Абай облысында түнде оңтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысында оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі.
Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстіктен 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жетісу облысында таулы аудандарда көктайғақ және тұман түседі. . Алакөл көлдерінің маңында солтүстік-батыстан 23–28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл облысында оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысында оңтүстігінде, батысында және таулы жерлерінде тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.