Павлодарда 4 оқушы ҰБТ тапсырмастан, 140 балл иеленді

Автор: Azattyq Rýhy

Олар бұған дейін халықаралық емтихандардан өткен

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда төрт түлек халықаралық SAT сертификатының иесі атанды. Бұл дегеніміз, енді олар ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ, 140 балл иеленеді деген сөз. Бұл туралы жергілікті pavlodarnews.kz басылымы жазып отыр.

Облыстық білім басқармасы хабарлағандай, биыл SAT, ACT және IB халықаралық стандартты тестілеудің нәтижелері Қазақстанның ұлттық бірыңғай тестілеуімен кіріктірілген. Яғни, аталған халықаралық емтиханды сәтті тапсырған оқушылар автоматты түрде ҰБТ-ның ең жоғарғы ұпайына ие болады.

«SAT сертификатын алған оқушылар - Әлем Сағиден, Владислав Черданцев, Кристина Зелева мен Мирас Қоблан. Олар олимпиадаларға да белсенді қатысып, облыстық, республикалық және халықаралық білім жарыстарында үнемі алдыңғы орындардан көрінеді», - деп жазған сайт.