$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде мүгедек кейпінде қайыр сұраған ер адам қамауға алынды

Қоғам белсендісі ер адам шынымен көмекке мұқтаж деп ойлап, материалдық көмек көрсеткен

Семейде мүгедек кейпінде қайыр сұраған ер адам қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Семей қаласында полицейлер Засядко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында қайыр сұраумен айналысқан 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам инсульт алып, мүгедек болып қалған адамның кейпіне еніп, аяушылық сезімін тудыра отырып, азаматтарды алдаған.

«Бұған дейін қоғамдық белсенділердің бірі бұл азамат шынымен көмекке мұқтаж деп ойлап, материалдық көмек көрсеткен. Алайда кейіннен тұрғындардан бұл адамның шын мәнінде мүгедек еместігі және денсаулығында ешқандай ақау жоқ екендігі туралы ақпарат түскен», - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша құқықбұзушыға қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қолданылды.

«Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған бес тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза кесілді», - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта ер адам Семей қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында жазасын өтеп, бостандыққа шықты.

 

Серіктес жаңалықтары