Бұл шара күрделі тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр
Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылғы 5 қараша сағат 08:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», - деп жазылған «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Бұл шара Осинов асуындағы күрделі тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр
«Шектеу республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанға дейін енгізіледі», - деп түсіндірді компания мамандары.