Марк Цукерберг бір күнде 7 млрд доллардан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірнеше ірі компания Facebook-те жарнама жариялаудан бас тартты

Фото: bloomberg.com

Бірнеше ірі компания әлеуметтік желіде жарнама жариялаудан бас тартқаннан кейін миллиардер, Facebook компаниясының негізін қалаған Марк Цукерберг бір күнде 7,2 миллиард доллардан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

«Әлемге танымал Unilever жарнама компаниясы жыл соңына дейін Facebook пен Instagram-да жарнама жасамау туралы шешім қабылдағанын жариялағаннан кейін компания акциясы 8,3 пайызға арзандап кетті. Сонымен қатар Verizon телекоммуникация компаниясы, Hershey кондитерлік өнім шығаратын компания, Coca-Cola компаниясы да әлеуметтік желідегі жарнамадан бас тартты. Олар Facebook-ті АҚШ-тағы наразылық кезінде өшпенділік пен платформадағы дезинформацияны бақылай алмады деп айыптап отыр», - деп жазылған ақпаратта. 

Басылымның хабарлауынша, Цукербергтің дәулеті 82,3 миллиард долларға жеткен. Ол қазір әлемдегі ең бай адамдар арасында төртінші орында тұр.