$ 530.47  613.75  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен әйел құтқарушылардан көмек сұрады

2 жасар бала пәтерде қамалып қалған

Семейде баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен әйел құтқарушылардан көмек сұрады
Фото: ТЖМ

Семейде құтқарушылар пәтерде қамалып қалған баланы босатуға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Абай облысы ТЖД 112 пультіне Семей қаласындағы пәтерлердің бірінде кішкентай бала пәтер ішінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деп жазылған хабарламада.

Екі жасар баланың анасы сыртқа шыққан кезде есік құлыптанып қалғаны белгілі болды.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Құтқарушылар пәтердің ішіне кіру үшін арнайы жабдықтардың көмегімен бірінші қабаттағы терезе торын кесіп, пәтер есігін іштен ашты.

Пәтер ішінде 2023 жылы туған бала болды. Бала зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай Көкшетау қаласында да болған еді. Пәтерде ересектердің қарауынсыз қалған бала есікті ішінен жауып алған. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен жоғарғы қабаттардан түсіп, үшінші қабаттағы пәтердің терезесіне кіріп, есікті ашып, баланы ата-анасына аман-есен табыстады.

Серіктес жаңалықтары