Алакөлде демалуға шектеу енгізілмейді

Автор: Azattyq Rýhy

Демалыс орнына бару үшін Covid-19 инфекциясына тест тапсыру керек

Фото: ашық дереккөзден

Өскемен мен Семей қалаларында карантин шаралары күшейтілгенімен, Алакөл демалыс базалары демалушыларды қабылдай береді. Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыс басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Алакөлдегі демалыс базалары 13 маусымда ашылды. Қазір ол жаққа көліктің барлық түрлері жүріп тұр. Демалыс базаларында барлық санитария-эпидемиология талаптары сақталған. Демалушылар әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауға, антисептик қолдануға тиіс», - деп жазылған ақпаратта.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алакөлде демалу үшін Covid-19 инфекциясына тест тапсырып, анықтама алу қажет.