Батыс Қазақстан облысында 100 шақырымнан астам ирригациялық канал тазарды
Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым арнаны тазарту жоспарланып отыр
Биыл жыл басынан бері «Қазсушар» Батыс Қазақстан облыстық филиалы өңір аумағындағы ұзындығы 100 шақырымнан астам ирригациялық каналдарды тазартты. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов кәсіпорынның есептік баяндамасын тыңдау барысында мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жыл соңына дейін қосымша 6 шақырым арнаны тазарту жоспарланып отыр. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша филиал барлығы 73,6 шақырым каналға тазалау жұмыстарын жүргізген болатын.
Арнайы техника күшімен жүзеге асқан жұмыстар барысында министрлік берген жерснарядтың көмегімен 22 шақырымға жуық канал тазартылды.
«Қазіргі таңда ирригациялық каналдарды тазалау жоспарының 94,3 пайызы орындалды. Келер жылы филиал кемінде 150 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге өңірдегі 14 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Бітік су қоймасындағы су ағызу құрылымын нығайту жұмыстары мен су тасқынының алдын алу шаралары толық көлемде орындалды», – деді филиал директорының міндетін атқарушы Рауан Хусаинов.