$ 514.31  603.03  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

LRT ісі: сотталғандардың 76 қымбат мүлкі мемлекет меншігіне өтті

Оны «City Transportation Systems» компаниясы сатып, ақшаны құрылысқа салады

LRT ісі: сотталғандардың 76 қымбат мүлкі мемлекет меншігіне өтті
Фото: үкімет

Астана қаласының прокуратурасы LRT ісі бойынша сотталғандардың қомақты қарызын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына берешектерді өндіру туралы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау жұмыстарын үзбей келеді.  

«City Transportation Systems» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнының пайдасына борышкерлерге тиесілі 1,5 млрд теңге сомасындағы 76 жылжымайтын мүлік нысаны берілді», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.

Бұдан өзге прокурорлар жеке компаниялардың бірінен Астанадағы мектептің пайдасына 17 млн теңге қндіріп берген.

«Прокуратураның кешенді шараларының арқасында биыл жалпы 2,9 млрд теңгенің  мемлекеттік активтері қайтарылды», - деп хабарлайды прокуратура.

Серіктес жаңалықтары