29.10.2025, 07:03
Жаңалықтар
Көкшетауда 80-нен асқан қария пәтерінде тірідей жанып кете жаздады
Ол автосаты арқылы құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Көкшетауда қарт кісі пәтерімен бірге тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетау қаласындағы Боровской шағын ауданында бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Құтқару жұмысы барысында автосатының көмегімен пәтер иесі, 1943 жылы туған зейнеткер терезе арқылы құтқарылды. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Сонымен қатар, құтқарушылар түтінге толған пәтерден мысықты алып шықты. Реанимациялық шаралардың көмегімен үй жануары құтқарылды.
Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды