Жаңбыр, тұман, найзағай: 29 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарындатүнде -2…-8°С дейін суытады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +8…+15°С аралығында жылы болады. Астанада бұл күні жауын-шашынсыз, күндіз +11…+13°С күтіледі.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнде +7…+12°С, күндіз +19…+24°С. Жамбыл облысында да таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкентте ауа температурасы күндіз +19…+21°С шамасында. Кешкі уақытта тұман түсу ықтималдығы бар.
Алматы, Жетісу және Алматы облыстарында да жауын-шашын байқалады. Таңертең және күндіз аздаған жаңбыр күтіледі, күндіз ауа температурасы +15…+18°С. Жетісу облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, күндіз +14…+19°С. Талдықорғанда түнде +3…+5°С, күндіз +17…+19°С жылы болады.
Батыс өңірлерде ауа райы құбылмалы. Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз +10…+15°С. Атырау облысында жауын-шашынсыз, күн жылы – +16…+18°С. Маңғыстауда да жауын-шашынсыз, жел күшейеді, ауа температурасы +18…+20°С. Ақтөбе облысында жауынсыз ауа райы сақталып, күндіз +13…+15°С болады.