$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Lexus мінген жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып өлтірді (ВИДЕО)

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Астанада Lexus мінген жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып өлтірді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада жол талғамайтын Lexus көлігін мінген жүргізуші жолаушыны қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеоға назар аударсақ, жаяу жүргіншінің арнайы белгісі бар орыннан өтіп бара жатқанын байқауға болады.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді.

«Lexus» маркалы автокөліктің жүргізушісі Алаш тасжолы бойымен қозғалып келе жатып, жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген түсініктемеде.

Астана қалалық Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда ерекше сақ болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары