«Жастар Рухының» белсенділері тарихи-мәдени мұрамен танысты
«Тарихқа тағзым» танымдық экскурсиясы өтті
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Тарихқа тағзым» танымдық экскурсиясы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Шараның мақсаты – тарихи-мәдени нысандарды таныстыру арқылы жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Акция аясында қатысушылар еліміздің әр өңіріндегі тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасап, ел тарихындағы маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы тың мәліметтер алды. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттырып, халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасын сақтау ісіне серпін беруде.
«Тарихқа тағзым» акциясы жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы қалыптастыруға елеулі үлес қосуда. Осындай бастамалар жас буынның ел тарихына құрметпен қарап, мәдениет пен дәстүрге деген қызығушылығын арттырады мақсатында жалғасын табады деп «Жастар Рухы» Жастар қанатының Астана қалалық филиал төрағасы Арсланбек Мағзұм танымдық акцияның маңызыдылын атап өтті.
«Ел жастарының бойында тарихи жады мен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру – Республика күні қарсаңындағы ең маңызды рухани қадамның бірі. «Тарихқа тағзым» танымдық шарасы жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттап, олардың тарихи санасын қалыптастыруға зор үлес қосуда. Мұндай іс-шаралар арқылы жастардың тарихи білімдерін арттырып, елінің тарихын құрметтеуге, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Еліміздің әрбір жастарының жүрегінде тарихи жады мен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру – бүгінгі күннің ең маңызды міндеттерінің бірі» - деді ол.
Іс-шара барысында қатысушыларға ел тарихындағы көрнекті тұлғалар мен мәдени мұралар туралы мағлұматтар беріліп, олардың отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың ішінде Алаш арыстары, Мұхтар Әуезов мұражайы (Абай облысы), Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі, Жамбыл Жабаев мұражайы (Алматы облысы), Мұхамеджан Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы (Жетісу облысы), Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық–педагогикалық мұражайы (Қостанай облысы), Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайы (Маңғыстау облысы), Саттар Ерубаев атындағы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бар.
Атырау облысынан қатысқан студент Аяна Төлеген экскурсиядан алған әсерін айтып, пікірін білдірді.
«Бұл экскурсия маған ерекше әсер қалдырды. Біз тарихымызды көзбен көріп, өткенге тағзым еттік. Мұндай бастамалар жастардың рухани дамуына зор ықпал етеді», – деді ол.