Қазақстандық Каспий жағалауы соңғы жылдары су деңгейінің күрт төмендеуінен ең көп зардап шегіп отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалымдардың айтуынша, Каспий теңізінің тартылуына екі негізгі фактор себеп:
Климаттық модельдер бойынша (RCP4.5 және RCP8.5), қазіргі үрдіс жалғаса берсе, 2050 жылға қарай теңіз деңгейі тағы 2 метрге дейін төмендеуі мүмкін.
«2050 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша минус 32,4 — минус 34 метрге түсуі ықтимал», – деп мәлімдеді «Қазгидромет».
2024 жылы Қазақстан секторында су деңгейі:
Мамандардың айтуынша, жедел бейімделу шаралары қабылданбаса, жағалаудағы инфрақұрылымға нұқсан келеді; теңіз флорасы мен фаунасы жойылу қаупіне тап болады; балық шаруашылығы құлдырайды; порттар жұмысы қиындайды.