Ол танысының үйінде жасырынып жүрген
Түркістан облысында полицейлер медициналық мекемеден қашып кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ер адам Түркістан қаласында танысының үйінде жасырынып жүрген және жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұсталған, Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.
Қашу фактісі 23 қазанда тіркелген.
Оны іздеуге барлық полиция бөлімшесі, блок-посттар, қосымша іздеу топтары жұмылдырылған.
«Жағдай Түркістан облысы ПД басшысының жеке бақылауында», – делінген хабарламада.