25.10.2025, 14:14
Жаңалықтар
Қазақстандық спортшы ММА бойынша Азия ойындарының чемпионы атанды
Бұл Қазақстан құрамасы үшін маңызды нәтиже
Фото: ҰОК
Қазақстан құрамасының жас спортшысы Амелина Бакиева ММА бойынша 2025 жылғы Жасөспірімдер Азия ойындарында алтын медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалда мерзімінен бұрын жеңді
50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бакиева Үндістан спортшысы Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңіп, жарыстың үздігі атанды.
«Бұл жеңіс Қазақстан жастар құрамасы үшін үлкен мәртебе. Алтын медаль ел намысының биік деңгейде қорғалғанын көрсетеді», – деп жазады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Қазақстан құрамасы үшін маңызды нәтиже
ММА — жастар арасында танымал жекпе-жек спорты. Қазақстандықтар соңғы жылдары халықаралық аренада тұрақты табыс көрсетіп келеді. Ал Бакиева — ел құрамасының жаңа жұлдыздарының бірі.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады