Сенат үздік журналистерді марапаттады

Автор: Azattyq Rýhy

«Аманат» және «Туған ел» байқауларының қо­рытындысы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге ар­налған «Аманат» және «Туған ел» байқауларының қо­рытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев қатысушылар мен жеңімпаздарға Палатаның заң шығару қызметін дәріптегені үшін алғыс білдірді.

«Былтыр Мемлекет бас­шы­сының бастамасымен елімізде журналистердің кәсіби мереке­сі – Бұқаралық ақпарат құ­рал­дары қызметкерлері күні ресми түрде бекітілді. Бұл қадам – түрлі оқиғалар мен елімізде қолға алынған реформалар туралы халыққа шынайы және жедел хабар тарататын мамандарға деген құрметтің белгісі. Қазіргі күрделі уақытта журналистер дәрігерлермен, құқық қорғау ор­гандарының қызметкерлерімен және еріктілермен бірге корона­вирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүр. Олар қауіп-қатерге қарамастан, азаматтардың дә­лелді әрі дәйекті ақпарат алуы үшін аянбай жұмыс істеп жатыр. Отан­дық журналистердің қыз­меті әрдайым жоғары бағаға лайық», – деді Мәулен Әшімбаев.

Байқау материалдарын тексерген комиссия құрамына Сенат депутаттары, белгілі жазушылар мен журналистер енген. Конкурс қорытын­дысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерден бөлек, бір­неше арнайы марапаттар да тағайындалды.

«Аманат» байқауының гран-при жүлдесі Qazaqstan телеарнасының тілшісі Оңғар Тоқановқа, бірінші орын «Информбюро» ақпарат агент­тігінің тілшісі Жадыра Жолмұ­хаметоваға, екінші орын «Казах­станская правда» газетінің тіл­шісі Лаура Түсіпбековаға, үшінші орын Zakon.kz порталының тілшісі Татьяна Ковалеваға бұ­йырды. Ал «Туған ел» байқауы­ның бас жүлдесін Egemen Qazaqstan газетінің тілшісі Азамат Қасым иеленсе, бірінші орынды «Еуразия» бірінші арнасының «Сенат online» тележобасының ұжымы, екінші орынды «Хабар 24» телеарнасы тілшісі Мирлан Алтынбек, үшінші орынды Azattyq Ruhy ақпарат агенттігінің тілшісі Әмірболат Құсайын ие­ленді.