$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысындағы ауылда жемқорлардан қайтарылған ақшаға су құбыры жүйесі салынды

Садовое ауылында 1 500-ден астам тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді

Ақмола облысындағы ауылда жемқорлардан қайтарылған ақшаға су құбыры жүйесі салынды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Садовое ауылында парақорлардан қайтарылған ақшаға орталықтандырылған ауызсу жүйесі салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов, Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин, аудан прокуроры Асқар Дастан және ауыл тұрғындары қатысты.

Облыс прокуроры Руфат Құттықов ауыл тұрғындарын жаңа су құбыры желісінің аяқталуымен құттықтап, бұл тек бір нысанның іске қосылуы ғана емес, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуы Садовое ауылындағы 1 500-ден астам тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, жайлы өмір сүру жағдайларын жасайды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Серіктес жаңалықтары