Тоқаевтың шақыруымен келесі аптада Қазақстанға Әзербайжан президенті келеді

Автор: Асыл Арман

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі

Фото: Instagram/presidentaz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі.

Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.