$ 538.12  627.02  6.65
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында 7-сынып оқушысын топ болып зорлаған: 7 жасөспірім анықталды

Келеңсіз оқиға 2025 жылдың 21 қыркүйегінде демалыс күні мектеп аумағынан тыс жеке үйде болған

Алматы облысында 7-сынып оқушысын топ болып зорлаған: 7 жасөспірім анықталды
Фото: istockphoto.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы зорлық әрекетіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жеті кәмелетке толмаған бала анықталды. Тергеу жүріп жатыр. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары дүйсенбіден бері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деді Зәкиева.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында бірнеше мектеп оқушысының жетінші сынып оқушысына азғындық жасау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Оқушылар арасында болған келеңсіз оқиғаны ең алғаш білген мектеп директоры дабыл қағып, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары