Шығыс Қазақстанда қирап қалған ескі көпірдің орнына жаңасы салынатын болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ертіс өзенінің үстінен де жаңа көпір салынатын болды

Фото: instagram.com/akyshovalmat

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзінде 1 қыркүйекте құлаған Шнайдер көпірінің орнына жаңа көпір салынатынын айтты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Yk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, Виноградов көшесі ауданында Ертіс өзені арқылы жаңа көпір салынатыны да белгілі болды.

«Бұл көлік қатынасын жақсартып, транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді», – деді әкім.

Облыс басшысы өз сөзінде Ертіс көпірі бойында екі жаңа жол қиылысының құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл жолдар кептелісті азайтуға және жолдардың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған. Барлық осы іс-шара облыс орталығының көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту үшін жүргізіліп жатыр.

Тегтер: