01.09.2025, 22:33
Жаңалықтар
Өскеменде автомобиль көпірінің бір бөлігі опырылып түсті
Қала әкімі тұрғындарға қалпына келтіру жөнінде уәде берді
Фото: instagram.com/akyshovalmat
Өскеменде Шнайдер көпірінің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, оқиға орнына барлық қажетті қызметтер мен жедел әрекет ететін арнайы бөлімшелер жұмылдырылды. Қазір апаттың салдарын жою шаралары қолға алынған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалада жергілікті деңгейде төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындардан сабыр сақтап, апат аймағына бармау сұралады.
Өскемен әкімі Алмат Ақышевтің айтуынша, соңғы үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өзен деңгейі көтерілген.
«Көпірді қысқа мерзімде қайта қалпына келтіреміз», – деп сендірді қала әкімі.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды