$ 539.56  627.35  6.84
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Машина жасау саласы отандық шикізатқа қол жеткізе алмай отыр – Ерлан Саиров

Депутат бірқатар ұсыныс айтты

Машина жасау саласы отандық шикізатқа қол жеткізе алмай отыр – Ерлан Саиров
Фото: AMANAT

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров отандық шикізат материалдарына толыққанды қол жеткізе алмай отырған бірқатар кәсіпорындар осы мәселеге алаңдап, партия атына өтініштер түсіргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Машина жасау елдің технологиялық тәуелсіздігі мен өнеркәсіптік тұрақтылығын айқындайтын негізгі салалардың бірі. Алайда бүгінде саланың кәсіпорындары шикізатқа қолжетімділікті реттеу тетіктерінің тиімсіздігі мен түрлі кедергілерге тап болып отыр. Бұл жағдай өндірісті жаңғыртуға, өнім түрлерін кеңейтуге және шығарылатын өнім көлемін арттыруға кері әсерін тигізуде.Отандық шикізаттың қолжетімділігі төмен», – деді Саиров.

Депутат атағандай, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңының 60-бабына сәйкес, отандық шикізат деп уәкілетті орган бекітетін отандық шикізаттық тауарлар тізбесіне енгізілген өнімдер танылады.

«Сонымен қатар, индустрия және құрылыс министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерінде шикізаттық тауар деп «алғашқы өңдеуден өткен материалдар» түсіндіріледі. Осыған байланысты ел ішінде өндірілетін метал прокаты да шикізаттық тауар ретінде танылмайды және отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдердің аясынан тыс қалып отыр. Нәтижесінде  индустрия және құрылыс министрлігі бекіткен шикізаттық тауарлар тізбесі тек бастапқы өңдеуден өткен түсті металлургия өнімдерін ғана қамтиды», –  деді депутат.

Ол атағандай, ал машина жасау кәсіпорындарына отандық өндірістегі болат пен полимерлерді делдалдардан нарықтық бағамен сатып алуға немесе шетелден импорттауға тура келеді.

«Машина жасау бұл жай ғана сала емес. Бұл станоктар, жабдықтар, ауыл шаруашылығы техникасы, вагондар және индустриялық экономиканың негізін құрайтын өнімдерді шығаратын адамдар. Олар артықшылық немесе жеңілдік емес, тек тең жағдайды, ашық ережелерді және өндірістік тізбектегі барлық қатысушының жауапкершілігін талап етеді», – деді Саиров.

Депутат Ерлан Саиров осыған байланысты келесідей ұсыныстарды енгізді:

Уәкілетті мемлекеттік органның қаулыларымен бекітілген баға қалыптастыру тетігін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңның талаптарына сәйкестендіріп, бәсекелі баға белгілеудің арнайы тәртібін енгізу;

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске ел ішіндегі құндылықты дамыту жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардың жауапкершілігін қарастыратын нормаларды жедел түрде енгізу;

Электрондық сатып алу жүйесін ашық және әділ ету. Ірі операторлар отандық өндірушілерді таңдауы қажет.

Серіктес жаңалықтары