Мәжілісте жаңа депутат ант қабылдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол «AMANAT» партиясынан ұсынылған

Фото: Amanat партиясы

Мәжілісте жаңа депутат  Әбутәліп Мүтәлі ант қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді Әбутәліп Мүтәлі.

Осыған дейін «AMANAT» партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат берілеген еді.