15.10.2025, 10:56
Жаңалықтар
Астанада жыл басынан бері жол апатынан 30-ға жуық адам қаза болды
Жол-көлік оқиғасынан 2000-ға жуық адам жарақат алды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Астанада жыл басынан бері 1532 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам қаза тапты, 1899 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 1,3 млн-нан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізу, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер тарапынан ережені өрескел бұзу деректері бар.
«Қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен жүргізушілердің медициналық тексерісі қатаң бақылауға алынған.
Полиция департаменті жолдағы тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын тұрақты бақылауда ұстап отыр», – делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды