Енді интернетте құқыққа қарсы контент жасаған блогерлер жазаланады
Бұл норма енген заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Мұсабаев интернеттегі құқық бұзу мәселесін көтеріп, ақпараттық кеңістіктегі тәртіп пен жауапкершілік қалай реттелетінін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жалпы, БАҚ пен блогерлердің құқық бұзуды насихаттауы осы заң аясында қарастырылып отыр ма, жоқ па? Осы сұрақтарға жауап берсеңіздер», – деді депутат.
Бұл сұраққа жауап берген ішкі істер министрі Ержан Сәденов заң жобасындағы профилактика жұмыстарына осы мәселе енетінін айтты.
«Бізде қазір тәжірибе бар, құралдарымыз бар. Бізде арнайы департамент құрылған. Тәсілдеріміз де бар. Бұл жерде профилактика мен қылмысты ашу практикасы бар. Осы заң жобасы қабылданып жатса, қатаң жазалар қарастырылған, – деді Сәденов.
Өз кезегінде мәдениет министрінің орынбасары Қанат Ысқақов құқыққа қарсы контент деген ұғым заң жобасына енгенін айтты.
«Құқыққа қарсы контенттің ішінде барлығы қамтылған. Соның ішінде алауыздық, діни, әлеуметтік және басқа да контент кіреді. Оның ішінде сіз айтқан блогер болса да, БАҚ құралдары болса да, басқа да азамат әлеуметтік желіде құқыққа қарсы контент жариялап, оны әрі қарай ілгерілету болса, тиісті жауапқа тартылатын норма қарастырылады», – деді Ысқақов.
Айта кетеік, қазір мәжілісте «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң жобасы қаралып жатыр.