$ 539.56  627.35  6.84
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында қайғылы жағдай: жанармай стансасында оператор тоққа түсіп, көз жұмды

Қайғылы оқиға 13 қазан күні болды

Ақмола облысында қайғылы жағдай: жанармай стансасында оператор тоққа түсіп, көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында ер адам оқыс жағдайда тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарды кез келген жұмысты, әсіресе электр энергиясы көздерінің маңында орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

«13 қазан күні сағат шамамен 09:45-те Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жанармай құю бекеттерінің бірінде болған қайғылы оқиға туралы хабар түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, автоцистерна тіркемесінің үстіне көтерілген оператор электр жеткізу желісіне тиген сәтте тоқ соғып, оқиға орнында қаза тапқан», – делінген хабарламада.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары