14.10.2025, 21:03
Жаңалықтар
Алғашқы әкім сайлауы: Семей қаласының жаңа басшысы анықталды
Сайлау қорытындысы жарияланды

Фото: Gov.kz
Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімі сайлауының ресми қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комиссияның дерегінше, сайлаушылар тізіміне 220 761 азамат енген, олардың арасында 118 553 адам дауыс беруге қатысты.
2 482 бюллетень жарамсыз деп танылды, ал 4 310 сайлаушы «барлығына қарсы» дауыс берген.
Кандидаттарға берілген дауыс үлесі
Сайлау нәтижесінде үміткерлер мынадай дауыс жинады:
- Бекжасаров А.К. – 9 763 дауыс;
- Қожанбаев А.Н. – 89 441 дауыс;
- Төлеуов Қ.М. – 12 557 дауыс.
Семей қаласының жаңа әкімі – Әділет Қожанбаев
Абай облысында Семей қаласының әкімі болып Әділет Қожанбаев Нұрсағатұлы сайланды. Ол 1980 жылы туған. Бүгінге дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарып келді. Үміткер өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға қатысты.
- Ол еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер ретінде бастады.
- 2001-2013 жылдары – Алматы қаласындағы «БТА Ипотека» АҚ-да процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарманың басшысы, атқарушы директоры болды.
- 2013-2014 жылдары «Темірбанк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы банк филиалының директоры қызметтерін атқарды.
- 2014-2021 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да операциялық департамент директоры,басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары болып еңбек етті.
- 2021-2022 жылдары «Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика филиалының бас директоры болды.
- 2022-2024 жылдары Абай облысының қаржы басқармасын басқарды.
- 2024 жылдан бүгінге дейін Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
14.10.2025, 17:31
Күдікті – алпыстағы адам: Ақтөбеде зорлық көрген оқушы қыз мектепте босанып қала жаздаған (ВИДЕО)
14.10.2025, 09:36
Жамбылда жұмыс таба алмай жүрген мұғалім директордың алдына тұз сеуіп, дуалап алмақшы болған