14.10.2025, 17:11
Жаңалықтар
Қазақстанда радио мен телеарналардың жұмысы уақытша тоқтайды
Үзіліс 16 қазанға жоспарланған
Фото: istockphoto.com
2025 жылдың 16 қазаны күні түнгі сағат 03:00-ден кешкі 17:00-ге дейін Қазақстанда радио мен телеарналардың жұмысында үзіліс орнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазтелерадио» компаниясының мәліметіне сүйенсек, осы аралықта жоспарлы профилактика өтеді.
«2025 жылы 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсерік, цифрлы және баламалы эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактика өтеді. Осы кезде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтайды», - деп хабарлайды дереккөз.
Компания тоқсан сайын осындай профилактика өткізіп отырады.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
Бүгін, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 16:45
Павлодардағы моншалардың бірінде сыраға масайған әйел жас қызметкерді соққыға жықты
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады