Новости спорта, футбол, КПЛ

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

26 маусым күні бірнеше өңірде дауыл соғады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

26 маусым күні бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Оралда 26 маусымда солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда да 26 маусымда найзағай ойнайды деп болжанады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда ертең күндіз шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.