14.10.2025, 13:09
Жаңалықтар
Қарағандыда ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Күдікті Астананың 40 жастағы тұрғыны екені анықталды
Фото: Polisia.kz
Қарағандыда ірі көлемде психотроптық дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру кезінде анықталғандай, 40 жастағы Астана қаласының тұрғыны жүргізген көліктен Тропикамид препаратының 82 қаптамасы, Прегабин Рихтер 30 препаратының 6 қаптамасы және Мидакс препаратының 240 қаптамасы тәркіленді.
Барлық препарат сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдікті мен оның сыбайластарын анықтау және тәркіленген препараттардың шығу арналары мен таралу жолдарын зерттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Бүгін, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады