Жергілікті тұрғындарға ескерту жасалды
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 13 қазанда, еліміздің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлану деңгейі жоғары болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс зиянды бөлшектердің ауада тарамай, жерге жақын қабатта шоғырлануына әсер ететін метеорологиялық факторлардың үйлесуінен туындайды.
«2025 жылғы 13 қазанда қолайсыз метеожағдайлар Жезқазған мен Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) деген не және ол несімен қауіпті?
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл ауа құрамындағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
Мұндай жағдайларда зиянды бөлшектер ауада іркіліп, таралмай қалады. Бұл өз кезегінде ауа сапасын уақытша нашарлатып, әсіресе өнеркәсіптік аймақтар мен тығыз қоныстанған жерлерде тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.