Қазақстанда алғашқы әкім сайлауы Семейде өтті: дауыс беру кезеңі аяқталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қала әкімінің лауазымына үш кандидат іріктелді

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде 12 қазан күні кешке қала әкімі сайлауының дауыс беру кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-де Семейдегі барлық сайлау учаскесі жабылды. Қазіргі уақытта комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті, деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл – Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған облыс орталығының әкімін сайлау. Қала әкімі лауазымына үміткерлер:

  • Әділет Қожанбаев – қазіргі Көкпекті ауданының әкімі;
  • Айболат Бекжасаров – қалалық мәслихаттың бұрынғы төрағасы;
  • Қаныш Төлеуов – Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры.