$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда қандай аң түрлерін аулауға болады

Қазақстанда аңшылық ережесі жаңарды

Қазақстанда қандай аң түрлерін аулауға болады
Фото: freepik.com

Экология және табиғи ресурстар министрі аңшылық нысаны саналатын бағалы жануарлардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы жаңа бұйрыққа қол қойды. Жаңа құжатқа сәйкес, аңшылыққа рұқсат етілетін жануарлар тізімі кеңейтіліп, оған 35 сүтқоректі мен 59 құс түрі енгізілді. Ал бұрынғы тізімдегі су жануарлары алынып тасталды. Өзгеріс 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аңшылыққа рұқсат етілген сүтқоректілер тізімі

Жаңартылған тізімге келесі жануарлар енгізілді:

  • түлкі,
  • қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқа),
  • бұлғын, құну, америкалық су күзені,
  • сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа),
  • қабан, марал, бұлан, сайғақ,
  • сібір тау ешкісі,
  • дала және орман қояндары,
  • қасқыр және басқа да жабайы аңдар.

Құстардың жаңартылған тізімі

Аңшылыққа рұқсат етілетін құстар: қызылтұмсық және қарамойнақ суқұйрық (гагара), қаз, көкқаз, сұр үйрек,шіл, құр, бөдене, кекілік, қырғауыл, тырнақ (дупель), үлкен және орта аққұмшық (кроншнеп) және өзге де су және орман құстары бар.

Су жануарлары тізімнен алынды

Бұған дейін аңшылық пен балық аулауға рұқсат етілген 67 су жануарының түрі жаңа бұйрықта алынып тасталды. Олардың ішінде:

белуга, севрюга, орыс бекіресі, бекіре (стерлядь), пелядь, шортан, ақ амур, сазан, дөңмаңдай (толстолобик), кәдімгі көксерке, камбала және кемпірқосақ алабұғасы бар.

Өзгерістің мақсаты табиғатты қорғау

Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелердің мақсаты — жануарлар дүниесін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау.

Жаңартылған бұйрық күшіне енгеннен кейін, Қазақстанда барлық аңшылық қызмет тек осы тізім негізінде жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары