$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да балабақша қызметкері сот арқылы экс-басшысынан зейнетақы жарналарын қайтарып алды

Олардың ісі сотта қаралды

БҚО-да балабақша қызметкері сот арқылы экс-басшысынан зейнетақы жарналарын қайтарып алды
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында жекеменшік балабақшаның бұрынғы қызметкері жұмыс берушіден зейнетақы және медициналық төлемдерді өндіріп алу жөнінде істі сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

Даудың мәні

Қазталов аудандық сотында «Айшабибі» жеке балабақшасының бұрынғы әдіскері жұмысынан заңсыз босатылғанын айтып, оған қоса жалақының бір бөлігі, зейнетақы жарналары, медициналық сақтандыру аударымдары, салықтық берешек пен іссапар шығындары өтелсін деген талаппен сотқа жүгінген.

Соттың мәліметінше, әйел мен балабақша басшылығы арасында туындаған келіспеушілік жұмысынан шығуға себеп болған. Бірақ қызметкер жұмысынан кеткеннен кейін жұмыс беруші міндетті төлемдерді уақытылы аудармаған.

Медиативтік келісімге келген

Алдын ала сот тыңдалымы барысында тараптар өзара мәмілеге келіп, медиативтік келісім жасасу туралы өтініш білдірген.

Келісім шартына сәйкес, талапкер өз талабынан бас тартты, ал балабақша иесі 2026 жылдың сәуір айына дейін 400 мың теңге өтемақы төлеуге, жұмысынан шығару туралы бұйрықты жоюға және 2024 жылғы шілдеден 2025 жылғы маусымға дейінгі зейнетақы, медициналық және салықтық төлемдерді толық өтеуге міндеттелді.

Сот шешімі

Сот медиативтік келісімді мақұлдап, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Алайда шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары