12.10.2025, 16:35
Жаңалықтар
Qazaq Air ұшқыштары жалақыны арттыруды талап етті
Олар бірнеше маңызды талапты алға тартқан
Фото: © istockphoto.com
Qazaq Air әуе компаниясының бір топ ұшқышы басшылыққа еңбекақы мен жұмыс жағдайларын қайта қарау жөнінде ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ұшқыштардың басты талаптары қандай?
Ұшқыштар өз хаттарында бірнеше маңызды талапты алға тартқан:
- Түнгі рейстер үшін төлемді арттыру;
- Әуе кемесі командирлері мен екінші пилоттардың негізгі жалақысын көтеру;
- Ұшу сағаты үшін төленетін ставканы көбейту.
Олар қазіргі еңбекақы жүйесі мен жұмыс шарттары нарықтық деңгейге сай келмейтінін, бұл өз кезегінде кадр тапшылығына және саладағы әлеуметтік шиеленіске әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.
Министрлік әуе компаниясынан түсініктеме сұрады
ҚР Көлік министрлігі ұшқыштардың өтінішіне назар аударып, Qazaq Air басшылығына бұл мәселені заң аясында қарауды тапсырды.
«Министрлік авиакомпанияға ұшқыштардың өтінішін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау туралы тапсырма берді», — делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 11:29
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)