$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана әкімдігі тұрғындарды кең ауқымды сенбілікке қатысуға шақырды

Іс-шара барысында қала аумағы қоқыстан тазартылып, аулалар мен қоғамдық тамақтану нысандарының маңайы ретке келтіріледі

Астана әкімдігі тұрғындарды кең ауқымды сенбілікке қатысуға шақырды
Фото: freepik.com

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция аясында елордада 11 қазан күні кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылады,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында қала аумағы қоқыстан тазартылып, саябақтар мен гүлзарлар, аулалар және сауда, қоғамдық тамақтану нысандарының маңайы ретке келтіріледі. Сонымен қатар елорданың алты ауданында ағаш отырғызу жұмысы жүргізіледі.

«Әкімдік кәсіпорындар мен ұйымдарды, тұрғын үй иелері бірлестіктерін (МИБ, ПИК), шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілер мен белсенді қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырады», - деп жазылған хабарламада.

Экоакцияның басты мақсаты – елорданың тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару және экологиялық мәдениетті дамыту.

Қала көшелері мен аулаларының көркейіп, таза болуы үшін кез келген қала тұрғыны өз үлесін қоса алады. Сенбілік таңғы сағат 10:00-де басталады.

Серіктес жаңалықтары