Ерлі-зайыпты тікұшақпен шұғыл түрде Көкшетау ауруханасына жеткізілді

Автор: Алмас Ерсін

Ұшқыштарға екі рейс жасауға тура келді

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Ақкөл қаласынан шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жас жұбай Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен Көкшетауға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп 1997 және 1998 жылы туған ерлі-зайыптыны шұғыл түрде тасымалдады. Олар Ақмола облысының Ақкөл қаласынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Ұшқыштарға екі рейс жасауға тура келді», - деп жазылған хабарламада.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында зардап шеккендер қысқа мерзім ішінде облыс орталығына сәтті жеткізіліп, қазіргі уақытта қажетті медициналық көмек алуда.

«ТЖМ тікұшақтары елді мекендердің алшақтығын ескере отырып, шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын күйде болады», - дейді құтқарушылар.