$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Құпияны ашайын»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі отбасына қатысты шындықты айтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде әлкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бар екен деген қауесет тараған болатын

«Құпияны ашайын»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі отбасына қатысты шындықты айтты (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/moldir.mt

Продюсер Мөлдір Мұқанова «НТК» телеарнасына берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист продюсерден «Отбасыңызға қатысты талқыланып жатқан мәселе фильмнің маркетингі ме?» деп сұрады.

«Шындықты айтатын сәт келді. Ешқандай маркетинг жоспарланған жоқ. Бір құпияны ашайын. Біздің үйде үлкен айқай-шу болмаған. Кімді айтып тұрғанымды білесіз. Ерлі-зайыпты ретінде қатты ұрысып та көрмедік. Неге мұндай жағдай болды деп өзім де кейде таңғаламын», - деді Мөлдір Мұқанова.

Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде әлкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бар екен, тіпті одан бір ұл сүйген деген қауесет тараған болатын.  

Еске сала кетейік, Мөлдір Мұқанова бір ай бұрын Тұрсынбек Қабатовтың қандай адам екенін айтып берген еді.

«Тұрсынбек жақсы адам. Халықтың алдында жүр. Біздің арамыз жайлы түрлі әңгіме айтылып жатады. Бірақ Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер. Бұрын қалай жақсы көрсеңіздер, солай жақсы көре беріңіздер. Қанша дегенмен біз 20 жыл отастық, жақын адамдармыз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары