Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қазанға арналған ресми бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 539,06 теңге болып қалыптасты. Бұл кешегімен салыстырғанда 2,45 теңгеге арзан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қазанға арналған ресми бағамы – 541,54 теңге.
Kurs.kz дерегінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 539,46 теңге, ал сату бағасы – 542,12 теңге.
Астанадағы айырбастау орындарында долларды 539,57 теңгеден сатып алып, 542,69 теңгеден сатады.
Еске сала кетсек, KASE мәліметі бойынша 6 қазанда доллар бағамы 1,79 теңгеге, 7 қазанда 3,63 теңгеге, 8 қазанда 1,39 теңгеге төмендеген, ал 9 қазанда 1,46 теңгеге қайта өскен болатын.