$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында 45 адамнан бір тоннадан астам есірткі тәркіленді

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері ұсталды

Қарағанды облысында 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан құны 14,7 млрд теңгеден асатын бір тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. «Қарасора-2025» жедел алдын алу шарасы аясында 45 адам, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Өңірде есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған кең ауқымды «Қарасора-2025» операциясы жалғасып жатыр. ІІМ дерегінше, жыл басынан бері Қарағанды облысының полицейлері құрамында синтетикалық заттар бар ірі партияларды қосқанда, бір тоннадан астам есірткі тәркіледі.

«Бүгінде ең үлкен қауіп – синтетикалық есірткі. Тәркіленген заттардың жалпы көлемі 590 килограмға жетті. Негізінен мефедрон мен альфа-PVP түрлері анықталды», – деді Қарағанды облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.

Заңсыз айналымнан алынған есірткінің жалпы нарықтық құны 14 млрд 750 млн теңгеден асады, бұл шамамен 30 миллион АҚШ долларына тең.

Операциялық іс-шаралар барысында 45 адам ұсталды, олардың 13-і – ұйымдастырушыл мен таратушы. Аймақаралық байланысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеті әшкереленіп, олардың заңсыз жолмен тапқан 560 млн теңгеден астам қаражаты заңдастырылғаны анықталды.

«Біз есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз. Биылдың өзінде есірткі жарнамасын насихаттайтын жеті мыңнан астам граффити жазу жойылып, оларды салуға қатысы бар үш адам ұсталды», – деп қосты Әбіл Әбілдин.

Серіктес жаңалықтары